Реклама от asia.kz: Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
westlan.kz

Астана қаласы. Байланыс телефондарымыз: 87071114926

 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Мотивация
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

рефераттар

13. 02. 2016

Ісіктер.

Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)- тұтас ағзаның жүйкелік – эндокриндік реттеулеріне бағынбай,өз бетінше дербес өсетін,құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақ-тықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалар-дың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады. Ісіктер тек адамдарға ғана емес хайуанаттар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде кездеседі. Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде екінші орында тұр. Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жолдарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе. Ісіктерді зерттеумен онкология ғылымы шұғылданады.
 
13. 02. 2016

ЭКЗЕМА (ECZEMA)

Экзема грекше «Экзео» - қайнау деген сөзден шыққан, яғни жедел экземада зақымдалған ошақта көптеген көпіршіктер пайда болады, олар қайнаған судың бетін елестеді. Анықтамасы: экзема спонгиоз нәтитжесінде пайда болған қышу, қызару және микровезикуляциямен жүретін, экзогенді және эндогенді факторлардың әсерінен терінің беткей қабатының жедел немесе созылмалы қабынуы. Таралуы: экзема көп таралған аллергиялық дерматоздардың бірі, жыл сайын 14тен 43% ке дейін науқастар тіркеледі (Скрипкин Ю.К. және соавторлар 1975; Гарина Т.А., 1980, Толев И. және соавторлар). Ағымы: қолданылатын ем әдістері әсерлігі жеткіліксіз болғандықтан ауру жедел басталғанымен ауру созылмалы ұзақ, кейде ауыр, жиі қайталануымен өтуі мүмкін.
 
13. 02. 2016

Мерез

Мерез (латынша: Syphilis; қытайша: 梅毒) — жұқпалы созылмалы ауру. Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді. Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (латынша: Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.
 
13. 02. 2016

«Қызба кезіндегі сілекей қызметінің өзгерісі және ауыз қуысы сілеймейлі қабынудың

Қызба – пирогендер әсерінен терморегуляцияның динамикалық қайта құрылу есебінен дене температурасының уақытша көтерілуімен сипатталатын типтік патологиялық процесс.[1] Қабыну - ағзалар мен ұлпаларда болған зақымға ұлпа-қан тамырларының қорғанысын көрсететін реакциясы. Негізгі белгілері: ісіну, қызу, қызару, ауыру және т. б. Қабыну деп ағзаның эволюция барысынада толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға және зақымдалған ағзалардың, тіндердің, жасушалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және жасушалардың пролиферациясымен (көбею) сипатталатын жергелікті реакциясын айтады. [2] Қабыну үрдісі дене температурасы жоғарылағанда немесе қызба кезінде анық байқалады. Бұл кезде иммунды жүйелер мһинфекцияға өз мүмкіндігінен шыға жұмыс істей бастағанда көрінеді. Көптеген адамдар қызба пайда болған кезде шошынады, бірақ егерде оның себебін білгеніңізде сіз өз қорқынышыңызды баса аласыз. Қызба кезінде организм температурасы тез арада көтеріледі, инфекциямен күрес кезінде максимумға дейін жетеді. Осы кезде адам жылы жерде жатқысы келеді, дене ауырады, әлсіздіктен қозғалғысы келмейді, тәбет бұзылысы байқалады. Бұл симптомдар 3 тәулікке дейін жалғасыуы мүмкін, себебі осы сәтте иммунитет организмді бөгде денелерден тазартады десе де болады. Осы уақыт аралығында организм инфекциямен үздіксіз күрес жүргізеді. Адамның қалыпты дене температурасында бактериялардыі өсуі мен көбеюі күшті болады. Ал жоғары температурада бактериялар көбеюін тоқтатады, өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай туады. Керісінше, фагоцитоздаушы жасушалар көбейе түсіп, қабыну ошағына жан-жақтан тап береді. Температура жоғарылаған сайын, организмді қорғаушылар жағы басым бола бастайды, ал бактериялар күші әлірейді. Екі арадағы күрес, лейкоциттердің жеңісімен аяқталады, температура түсе бастайды. [3] Осы жұмысты зерттеу барысында өзіме келесі мақсат мүдделерді қойып отырмын. Олар: - қызба кезінде ауыз қуысының өзгерістеріне әсер ететін микроорганизмдер (этиологиясы) - қызба кезінде ауыз қуысының сілемейлі қабатында қандай өзгерістер байқалатындығын және оның салдарын анықтау (патогенезі мен салдары) -емдеу жолдары
 
13. 02. 2016

Микробтық паразитизм және патогенді микроорганизмдердің пайда болу эволюциясы

Жұқпалы аурулардың қоздырғышы — патогенді микробтар. Әри-не жұқпалы ауру адамға иемесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтардың сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын касиеті бар. Осындай микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады. Ал осы микробты лаборатория жағдайында бірнеше уақыт бір қоректік ортада сақтағаннан кейін қоянға жүқтырса, ол ауруға шалдықпайды, әйткені қолайсыз жағдайда топалаң микробы езгеріп, әлсізденіп қалады. Жүқпалы аурулардың таралуы адам мен жануарлар организмі-нің беріктігіне, яғни сол ауруға қарсы түра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен, тауық тапалаңмен мүлде ауырмайды, тіпті оларға топалаң микробын қолдан жүқтырсаңыз да ауырмайды. Егерде Л. Пастер жасағандай етіп, тауық аяғын салқын суда үзақ үстап, содан кейін топалаң микробын л^үктырсаңыз, ол тез арада ауыра бастайды. Мұнда тауықтың топалаң микробына тезімділігі нашарлайды. Мәселен, адам өкпесіне туберкулез микробы еиді делік, бірақ денсаулық күшті болса бүл адам ол аурумен мүлде ауырмайды. Егерде, басқа бір аурумен ауырып, адам денесі нашар-ласа, онда туберкулез микробына организмиің қарсы тұрарлық қасиеті әлсірейді де, адам туберкулезбен ауырады.Жұқпалы ауру қоздырғыштары біздің организмге түрліше зиянды әоер етеді. Зиянды микробтардың көпшілігі организмді улайтын, нерв жүйесін, жүрек қызметін, қан тамырларын жоне ішкі органдардың барлығын зақымдайтын түрлі улар бөліп шығарады.
 
13. 02. 2016

Вирустар

Вирустарды өсімдіктер вирустары; жануарлар вирустары; бактериялар вирустары — деп үш топқа бөлуге болады. Осы вирустардың бәрін бір категорияға жинап, "Урга" әлемі деп атауға болады. Себебі олардың планетада алатын орны ерекше. Демек, вирустар организмдер емес, тіршіліктің ерекше бір түрі және олар жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюция заңына бағынады. Вирустардың пайда болуы жөнінде бірнеше болжам бар. 1. Қайта (кері) айналу теориясы, демек эволюцияның кері өзгеруі, өте жетілген түрден жай, қарапайым түрге көшу. Бұл теория бойынша бактериядан, бір клеткалы организмнен шыққан содан клетка ішінде тіршілік етуге бейімделіп, бірте-бірте формасы мен қасиеттерін жоғалтып, бір ғана нуклеин қышқылы қалған. Дегенмен бұл теория вирустардың нәсілдік генетикалық материалының көптігін, дисьюнктивтік көбею жолын түсіндіре алмайды. 2. Басқа бір болжау — вирустардың клеткалы дүние пайда болғанға дейінгі тіршілік түрлері, содан кейін бірте-бірте торшалық, бертін келе — күрделі организмдер пайда болған. Бұл болжам да алдыңғы болжам сияқты әлгіндей сұрақтарға жауап бере алмайды. 3. Келесі болжам — вирустар клетка ішіндегі денелерден шыққан. Бұл болжамды кейде "құтырынған гендер" деп атайды Шынына келсек клеткада 3 түрлі генетикалық (нәсілдік) заттар бар Олар 1) хромосомдағы ДНҚ, 2) бактериялық плазмидтік ДНҚ, 3) митохондриялық ДНҚ. Соңғы болжам бойынша вирустар плазмидтен пайда болған Вирустардың торшаның нәсілдік элементтершен шығуы мүмкін. Себебі, табиғат вирустарда ДНҚ мен РНҚ-ның әрбір түрін жаттығып көргеннен кейін клеткаларда олардың ең керекті түрін екі жіптен тұратын ДНҚ мен бір жіптен тұратын РНҚ-ны ғана қалдырған болуы керек. Демек, осының арқасында мынандай болжам пайда болған әртүрлі вирустар түрлі мерзімдерде клетканың әр түрлі нәсілдік элементтермен шыққан болуы керек. Осының салдарынан ғана бесаспап нәсілдік код вирустарға да, бүкіл жанды дүниеге де тән және олар жердің органикалық дүниесінен шыққан. Вирусология тарихы Вирусологияның тарихын үш кезеңге бөлуге болады. І-кезең — бүкіл өткен өмірден 1892 жылға дейін П-кезең — вирусология ғылымының 1892 жылдан 1950 жылға дейінгі қалыптасу кезеңі. Ш-кезең — 1950 жылдан басталады. Бұл кезеңде вирусологияда электрондық микроскоп, клеткаларды өсіру, ультрацентрифуга, рентген — құрылымдық анализ, т.б қолданыла бастады. Вирус қоздыратын аурулар өте ерте кезден бері белгілі болган. Мысалы, шешек ауруы ертедеп Қытай, Унді елдерінде белгілі болған. Бұдан 3000 жыл бұрын өмір сүрген фараондардың денесінен шешек ауруының іздері байқалған.
 
13. 02. 2016

Бағаналық жасушалар

Бағаналық жасушалар- ағзаның бастапқы біріншілік негізі, өздігінен көбейіп, жаңара алатын жасушалар.Бағаналық жасушалар кез-келген жасуша ортасына тез бейімделіп, мамандана алады. Жаңадан пайда болған жасушалар жаңа ортаға тән қасиеттерге ие болады, ал тін жасушалары өздерінің бастапқы бағаналық қасиетін сақтап қалады. Тіршілік ету барысында адам ағзасындағы барлық жасушалар өздеріне тиесілі қызметтері бойынша ғана жұмыс атқарады, ал тін жасушалары әр түрлі жасуша түріне айналып, шексіз бөліну қасиетіне ие. Тін жасушалардың түрлері: эмбрионалдық, постнаталдық, гемопоэтикалық тін жасушалары, мезанхималық тін жасушалары, кіндік қанының тін жасушалары. Эмбрионалдық- тотипотентті тін жасушалары ішіндегі ең аз маманданған, аналық жұмыртқа жасушасын жасанды жағдайда ұрықтандырғаннан кейін 5-7 тәулік өткен сон эмбрионның даму сатысының бастапқы кезінде, яғни бластоциста кезеңіндегі ішкі масса. Жасанды қоректік ортада эмбрионалдық тін жасушаларын өсіру арқылы шексіз көп өсу мен мамандану қасиеті жоғары линияларды алуымызға болады. Постнаталдық- табиғаты жағынан әртүрлі постнаталдық ұлпалардан алынған немесе табиғи потенциялы өмір сүру барысында төмендеген ересек ағзадан алуға болады.Бүгінгі күні жасушалық терапия бағытының дамуына үлкен үміт артқан жасушалар –осы постнаталды түрге жатады.
 
13. 02. 2016

Бүйрек патфизиологиясы кезіндегі стоматологиялық өзгерістер

Тақырыпты таңдау негізі. Ауыз қуысындағы өзгерістер – біздің мамандығымыздың зерттеу объектісі. Ол өзгерістер себептірінің бірі ретіңде бүйрек патологиясын да жатқызамыз. Сондықтан бүйрек ауруларын зерттеудің маңызы өте зор. Тақырып өзектілігі. Ауыз қуысы ағзаларының бұзылыстары мен организмнің әр түрлі жүйелерінің байланысы туралы сұрақтар стоматологияда маңызды орын алады. Өйткені бұл көптеген ауыз қуысы ауруларының пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі мақсаты. Бүйрек ауруларының этиологиясы мен патогенізімен ауыз қуысындағы өзгерістерінің байлынысын зерттеу. Негізгі міндеттері: 1) Бүйрек ауруларының этиологиясын зерттеп, ұғыну. 2) Бүйрек ауруларының патогенезін зерттеп, ұғыну. Оның тіс-жақ жүйесінде аурулар дамуындағы рөлін анықтау, байланыстыру. 3) Бүйрек патологиясы кезіндегі немесе ауруларында қолданылатын стоматологиядағы терапиялық ем-шаралар жүйесін зерттеп, білу.
 
03. 12. 2015

Зейіннің физиологиялық механизмдері.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды». Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
 
03. 12. 2015

Клеткалардағы электрогенездің механизмі

Электрогенез грек тілінен аударғанда даму дегенді білдіреді. Электрогенез – тірі клетка ішінде иондардың біркелкі таралмауын қамтамасыз ететін физика-химиялық процестер жиынтығына негізделген тірі табиғаттағы әсер потенциалының пайда болуы.
 
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт