Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Астана қаласы. Байланыс телефондарымыз: 87071114926

 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Мотивация
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

«Қызба кезіндегі сілекей қызметінің өзгерісі және ауыз қуысы сілеймейлі қабынудың

13. 02. 2016

2.1 Қызба кезінде ауыз қуысының өзгерістеріне әсер ететін микроорганизмдер (этиологиясы)

     Қалыпты жағдайда 1 мл сілекейде 108-109 бактерий кездеседі: стрептококктар, диплококктар, спирохеталар, лактобациллалар, актиномициттер, Candida туыстастықты саңырауқұлақтар, жиі Herpessimplex вирусы және т.б. Гипосаливация және ксеростомия кезінде ауыз қуысы микрофлорасы өсуін жоғарылатады, ауыз қуысының қабынбалық процесстері туындайды, қабынбалық процесстер нәтижесінде ас қорыту төмендейді. Септикалық асқынулардың инфекция ошағы болуы мүмкін. [9]

Шегрен ауруының патологиялық процесінің дамуында негізгі рольді вирустық инфекциялар мен апоптоз механизмі бұзылыстары алып жатыр. Қосымша этиологиясында Шегрен ауруының иммунологиялық бұзылыстары (поликлональді В-жасушалық активация, иммундық кешендердің көп болуы,  сарысулық  β2-микроглобулин мөлшерінің төмен болуы, қышқылға төзімсіз интерферонның болуы, интерлейкин-2 және қанның киллер жасушаларының санының азаюы). Шегрен ауруы кезінде және ЖИТС кезінде. [10]

Этиологиялық паротит жіті инфекциалық ауру, парамиксовирус тұқымдастығына жататын вирустармен шақырылады. Көбіне 7-14 жастағы балалар ауырады. Вирустың антигендік құрылымы бірқалыпты. Эпидемиялық паротит вирусы антиденелердің 6-7-ші тәулікте қалыптасады. Ауырып болған соң иммунитет қалаптасады. Эпидемиялық паротит кезінде инфекция көзі  адам болып табылады. Жұқтыру ауалы-тамшылы жолмен беріледі. [8]

2.2 Қызба кезінде ауыз қуысының сілемейлі қабатында қандай өзгерістер байқалатындығын және оның салдарын анықтау (патогенезі мен салдары)

Қызба кезінде симпатикалық нерв жүйесі орталықтарының қозуы өз кезінде ағзалардың бірқатар өзгерістеріне алып келеді. Қызба кезінде айтарлықтай өзгерістер асқазан ішек жолдарында байқалады. Сілекей бөлінуінің азаюы ауыздағы құрғақтыққа алып келеді, еріндердің эпителиальді қабаты құрғайды және жарылады, тілде дақ пайда  болады. Осыған қоса ауыз қуысында орналасқан әртүрлі микробтардың көбеюіне қолайлы жағдай туындайды (стрепто-, стафилококктар,  Винцента таяқшаларының, Мюллер спирохетасының және т.б.), ауыздан жағымсыз иіс пайда болады.[5] Берілген тақырыптың өзектілігі болып қызба кезінде(емдеу мақсатында жасанды түрде жасалған немесе инфекциялық және инфекциялық емес пирогендер әсерінен) ауыз қуысындағы сілемейлі қабаттың жағдайы мен сілекей бездерінің өзгерістері кейіннен астын қорытылуына қатысады, сілекей бездері ауруының пайда болуына, ауыз қуысында патогенді микрофлораның пайда болуына алып келеді. Кейіннен айтылған өзгерістер жалпы ағзаның патологиялық жағдайына алып келеді. [7] Енді қызба кезінде болатын ауыз қуысының сілемейлі өзгерістеріне жеке тоқтала кетсек:

    Гипосаливация және ксеростомия  

Негізінен қызба кезінде температураның жоғарылауына байланысты ауыз қуысында гипосаливация байқалады, ол өз кезегінде міндетті түрде ксеростомияға алып келеді. Гипосаливация кезінде ауыз қуысында – тілде және қызыл иекте зақымдалған эпителийден  дақтар пайда болады. Бұл микрофлора үшін таптырмас қоректік орта болып табылады     Ксеростомия дәм сезу бұзылыстарына, тәбеттің төмендеуіне немесе болмауына  алып келеді. Агевзия немесе гипогевзия – дәм сезу қызметінің төмендеуі немесе болмауы. Дәм сезу анализаторлары құрылымдарының функционалды бұзылыстарымен сипатталады.Дәм сезу бұзылыстары (нағыз адекватты тітіркендіргіштерге). Парагевзия – дәмдегі қалыпты жағдайдан тыс басқа дәмнің пайда болуын көрсететін сапалық өзгерісі. Мысалы, ащыны қышқыл ретінде немесе тәттіні тұзды ретінде қабылдау.Дисгевзия – дәм сезу мен бейімділіктің патологиялық өзгерістері(бұрмалануы). [9] Гипорексия және анорексия – тәбеттің төмен болуы немесе мүлдем болмауы. Анорексия патогенезінде орексиндер, кахетин (ФНОа), холецистокин, нейропептид Y және басқа да нейропептидтер метаболизмі бұзылыстары өте маңызды болып келеді.

        Салдары: дене салмағының төмендеуіне, тіпті арып азуға (кахексия) дейін; ас қорыту бұзылыстарына; дистрофияларға; иммундық жеткіліксіздікке (ауыр жағдайларда) алып келеді.Қызба кезінде дене температурасының көтерілуіне байланысты науқас көбіне көп аузы арқылы тыныс алады, бұл өз кезегінде ауыз қуысының, сілекей бездерінің вирустық закымдалуына алып келеді. Нәтижесінде салдары сәйкес ауруларға алып келеді. Көбіне көп Шегрен және эпидемиялық паротит сынды ауруларға келеді.

Шегрен ауруы.

Шегрен ауруының морфологиялық субстраты ацинусқа ену тенденциясы бар перудоктальді орналасқан, лимфогистиоплазмоцитарлы инфильтрация болып табылады. Ауру агрессиялық мәнге ие, инфильтрат жасушалары интраэпителиальді түрде ацинустар мен ішкі ағыстарды анықтап оларды жойып секрет бөлетін бездер паренхимасына кері әсерін тигізеді.  Лимфоидты инфильтрация фокусы – 4 мм2 кемінде 50 лимфоретикулярлы жасушалар. [8]

Темір инфильтрациялаушы жасушалардың көбі Т-лимфоциттермен көрсетілген, солардың ішінде CD4 - 70%. В-лимфоциттер инфильтрат жасушаларының тек 1/4-1/5 бөлігін алып жатыр. Көз жас, үлкен және кіші сілекей бездерінен басқа ұқсас өзгерістер мұрынның сілемейлі қабатының, бронхтардың, асқазанның, жатырдың және тер бездерінде байқалады. [10]

Шегрен ауру диагнозын қою үшін бірнеше әйгіленімдердің анықталуы керек. Аурудың диагностикасында міндетті түрде үш маман қызметіне жүгіну керек. Олар: окулист, стоматолог және ревматолог.Науқас ауыз қуысындағы үнемі болытын құрғақтыққа, кеуіп кетулерге, құлақ маңы бездерінде үнемі ауырсыну сезімінің болатындығына, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, 50-70% жағдайда үнемі болатын құлағының екі жақты ісінулеріне, тістерінің қарқынды бұзылыстарына шағымданады. Кей жағдайда бастапқы кезде көздің сулы қабықшасының кеуіп кетуіне, жарықтан қорқу сезімінің пайда болуына, көздеріне құм түскендей сезімде болатындарына шағымданады. Осымен қоса буындардағы, бұлшықеттердегі ауырсыну сезімінің болуына, астан кейін эпигастральді аймағындағы ауырлық пен дискомфорт сезімінің болуына, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне, оң жақ қабырға астында ауырлық пен ауырсыну сезіміне, аузындағы қышқылдық сезімге, майлы тамақты көтере алмауына, тамағындағы құрғақтыққа, құрғақ жөтелге және ентігуге, терісінің қызаруына т.б әйгіленімдерге шағымдануы мүмкін. [9]

Шегрен ауруының қайталанатын, міндетті белгілерінің бірі – созылмалы екіжақты паренхиматозды паротит. Сиалограммада паренхиматозды паротиттің алғашқы стадияларына тән өзгерістер паренхимада (1мм дейін)ұсақ жасушалық беткейлерді немесе паренхиманың «бұлт» тәрізді бірқалыпты емес толтырылуы және кіші калибрлі ағынды контрастілеу (5-4 тәртіппен). [7]

Шегрен ауруының айқын кезеңінде науқастар ауыз қуысындағы үнемі болатын құрғақтыққа, құрғақ астан кейін үнемі суды ішу керектігіне. Көбіне паротиттің асқынулары байқалады. Сілекей бездерінің ұлғаюы, температулық реакциямен, жалпы жағдайдың нашарлауымен көрінеді.  Қарау кезінде құлақ маңы бездерінің ұлғаюы айқын байқалады, бездер көбіне бөлік болып көрінеді. Өршуден кейін де көлемі толығымен кішіреймейді. Ауыз қуысын қарау барысында сілемейлі қабықтың ашық-қызыл түсті, сілекей аз, сілекей көбік тәрізді немесе кілегей тәрізді болады. Үлкен сілекей бездерін басып көргенде ағындардан сілекейдің өте аз мөлшерінің бөлінетіндігін байқауға болады. Кариестің дамуын. Ауыз қуысы дисбактериозының айқын көріністерін, жиі кездесетіні стоматит (саңырау құлақтық, вирустық, травмалық). Сиалометрия кезінде секреция төмендеуінің екінше кезеңі анықталады, сілекейде қабынулық бөлшектер табылады. [5]

Кіші сілекей безі биоптаттарына  жүргізілген анализ науқаста лимфогистарлы инфильтратта барлық типті иммунокомпетенті жасушаларды анықтады. Кіші сілекей безінің 57 биоптатына жасалған анализде В-жасушалық инфильтрат компонеті (49%), Т-жасушалық компонент 33% табылған,  аралас экспрессия Т- және В-жасушалық пропорция тек 11%. Ядролық антиденелерде байқалған.Кіші сілекей бездерінің эпителиальды жасушаларында 61%  HLA-DR – молекулаларының анықталуы олардың ауру патогенезінде ерекше маңызды екендігін көрсетіп тұр. Осылайша қалыпты жағдайда секреторлық функция атқаратын жасушалар, өздеріне тән емес иммунокомпонетті функцияны атқарады. [3]

Соңғы сатысында ауыздағы құрғақтық үнемі болатын және күрделі ауырсыну сезімімен жүретін күйге ауысады. Науқастар үнемі өздерімен су алып жүреді, ыстық және ащы тағамдар жей алмайды. Сілекей бездерінің ұлғаю байқалады. [8]

Эпидемиялық паротит

Жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемейлі қабатына және ауыз қуысына келіп түскен вирус  жасушаға енген соң вирус көбейеді, сосын қан ағыс арқылы ағзаға таралады.Вирус әсерінен үлкен сілекей бездері, құлақ маңы безі зақымдалады. Төменгі жақ асты безінің зақымдалуы тек 10% жағдайда болады, тіласты - тек 4,9% жағдайда. Менингит, энцефалит, орхит, мастит, панкреатит, нефрит сынды асқынулар болуы мүмкін..

Ауру кезінде әдетте екі құлақ маңы бездері зақымдалады, бірақ 28% жағдайда бір ғана бездің зақымдалуы мүмкін. Құлақ мағы безі үлкейеді, тығыздалады, пальпацияция кезінде қатты сезімтал болады, 3-5 тәулікте бездің көлемі ұлғаяды. Зерттеу барысында ауыз қуысында Мурсу белгілерін байқауға болады: сілемейлі қабықтың диаметрі 5-7 мм болатын   шектелген гиперемиясын т.б. Қабынулық процесстер 2-6 тәулікте тоқтатылады. Эпидемиялық паротит көп жағдайда науқастың сауығып кетуімен аяқталады. Бірақ күрделі резидуальды жағдайлар да орын алуы мүмкін. Летальды аяқталулар да болады. [5]

Қан анализі талдамалары асқынулар диагностикасын жүргізуде өте маңызды: эритроциттер мөлшерінің өсуі, лейкоцитоздың пайда болуы олардың бірігуін көрсетеді. Зәр талдамасын жасағанда амилазаның ауру басталғандағы және соңындағы төмендегенін динамикада көрсетеді.[8]

2.3 Емдеу жолдары

Қызбаны емдеу барысында оның этиологиясына, патогенезіне және симптоматикасына назар аударады. Бірақ қызбаны баспас бұрын, температураның көтерілуі адам организміне қорғаныш реакциясының тудыртатынын, микроорганиздердің жоюылуына бағытталған үрдіс екенін есте ұстаған жөн. Этиотропты емдеу микробқа қарсы препараттармен жүргізіледі. Оларға антибиотиктер, сульфаниамидтер, антисептиктер, интерферондар және т.б.  жатады. [4] Патогенетикалық терапия қызбаны түсіруге бағытталады. Мысалға, амидопирин, ацетилсалицил қышқылы және т.б. Симптоматикалық емге қызба кезінде болатын жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін, мысалға бас ауруы, құсу, лоқсу, сүйек пен бұлшықеттердің ауруы, жүрек аритмиясы және басқалар. Медицина практикасында қызбаны жасанды түрде арнайы дәрілік пирогендердің әсерінен шақыруға болады. Ондай дәрілі заттарға пирогенал, пирифер жатады. Қызбаны көтерудегі мақсат – физиологиялық барьерлерді көтеру болы табылады. Сонымен қатар, спецификалық емес иммунитетті жоғарылатады. [6]

 

 

 

Қорытынды

Осылайша осы жұмысты орындау барысында мен алға қойған мақсат мүдделеріме қарай келесі тұжырымдарға келдім:

- мен ауыз қуысы микрофлорасында патогенді микроорганизмдердің көп болып келе жатқандығын білдім. Мысалы:  стрептококктар, диплококктар, спирохеталар, лактобациллалар, актиномициттер, Candida туыстастықты саңырауқұлақтар, жиі Herpessimplex вирусы және т.б.

- қызба кезінде ауыз қуысының сілемейлі қабатының құрғақ (ксеростомия) болатындығын, сілекей мөлшерінің төмендейтіндігін (гипосаливация) білдім, және бұл ауыз қуысындағы дискомфортқа: науқас үнемі шөлдеуімен, аузының құрғауымен, тәбетінің  төмен болуымен, дәм сезу рецепторлпрының бұзылыстарымен жүретін жағымсыз жағдайдың болатындығын анықтадым.

- қызбаның жағымсыз жақтарымен қатар, оның микроорганизмдермен күрес кезінде фагоцит жасушаларының белсенуіне жағдай жасайтынын ұқтым.

- температура көтерілгенде науқас аузы арқылы тыныс алатындығын, өз кезегінде вирустардың кіруіне жағдай туындайтындығын, Шегрен ауруы, эпидемиялық паротит сынды аурулардың пайда болатындығын, жоғары тыныс жолдарының да вируспен зақымдалу салдарынан сепсис туындауы мүмкін екендігін түсіндім.

Сондықтан қызба кезінде келесі патологиялық өзгерістерді болдыртпау мақсатында  көп көңіл температураны тез арада түсіруге, ауыз қуысын суландыруға бағытталуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт