Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Астана қаласы. Байланыс телефондарымыз: 87071114926

 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Мотивация
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

Зейіннің физиологиялық механизмдері.

03. 12. 2015

        Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды». Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.   Адамдардьщ зейіні ырықты, ырықсызжәне үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздіңназарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б.  Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.

     Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);

ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

2)   Үйреншікті  жұмыс  жағдайын жасап  алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

3)  Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

4)  Түрлі қолайсыз жағдайларда да  жұмыс  істеуге машықтану.  Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру.  Бұл зейінді шынықтырудың,  оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

5)  Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

  Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.  Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.

    Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін — адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

Зейіннің негізгі қасиеттері: 1. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді.

2. Зейіннің аударылуыдеп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне,  жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді.

3. Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б… Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді.

4. Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір-бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет.

5. Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт