Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Астана қаласы. Байланыс телефондарымыз: 87071114926

 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Мотивация
 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 

Микробтық паразитизм және патогенді микроорганизмдердің пайда болу эволюциясы

13. 02. 2016

2.1 Патогенді микроорганизмдердің таралуы

          Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыыыстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол ыемесе заттар аркылы таралады. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жүғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал.
Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады. Кейде адамдарға белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысыктан жұғады. Ал кейбір ауру адамға іқауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз.
«Сібір жарасы»— біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамды қырғынға ұшыратқан «қасиетті от», яғни «Сибирь жарасы» туралы өз еңбектерінде жазған болатын. Бүл ауру әуелі Италияда етек алып, содаы кейін Европаға ауысты. Шығыс елдерінде оны «Парсы оты» деп те атаған.
Россияда 1865 жылы болған осы аурудан он мыңдаған адамдар кырғынға үшыраған. Санитариялық және ветеринариялық шаралардың мешеулігіыен патшалы Россияда бұл ауру малдардан адамдарға жүға бастады. «Сибирь жарасы» жүққан мал бір-екі күн ғана ауырып өледі. 1896 жылдан бастап жиырма жыл ішінде Россияда бұл ауру ларты мил-лиондай бүғыны қырып салды.
«Сібір жарасын» коздырғыш бациллус антрахис, ірітаяқшалар, қозғалмайды, ауалы жерде спора түзеді (16-су-рет). Сондықтан оларды бацилдарға жатқызады. Клеткаларын қоршап түратын капсулалары бар. Грам әдісімен оялады. Бацилдар бір немесе осқостан, көбіне қысқа шын-жырша тәрізденіп орналасады.Спора тек оттегі бар жерде ана түзіле бастайды. Егерде 16-сурет. +12°-ТаН ТӨМеН,«Сибирь жарасы» микробтары+ 42°-тан жоғары болса да спора түзілмейді. Споралары сопақша, клежаның орта шеніне орналасады. Өніп-өсуі үшін ең қолайлы температура +30°, +37°. Жалпы физикалық және химиялық факторларға олардың вегетативтік клеткалары төзімсіз +50 +55°-та олар бір сағатта-ақ қырылады, ал споралары +110°-та 10 минуттай қыздырса да тіршілігін жоймайды. 140° құрғақ ыстықта споралар үш сағаттан соң өліп кетеді. Топырақта «Сибирь жарасы» микробының споралары бірнеше жылдар бойына сакталады. Күн сәулесі де клеткалар м-ен спораларға жойқын әсер етеді, олар бір процентті формалинде және 10 % -ті күйдіргіш натрийде екі сағат-тан, 5%-ті фенолда бір тәуліктен кейін қырылады.
В. В. Архипованың мәліметіне қарағанда жоңышқа, сиыржоңышқа, бидай, қара бидай, сарымсақ және рауғаштардың тамырынан бәлінетін заттар бүл микробтарға зиянды әсер етеді екен.
Ауыл шаруашылық малдарында «Сібір жарасына» қарсы активті иммунитет жасау мақсатында оларға Ценковский вакцинасын егеді. Оларда 12—13 айға дейін иммунитет жақсы сақталады. Сарысудан даярланған вакцинаны адамға да егіп, онда иммунитет жасауға болады.
Әрине тиісті санитариялық және гигиеналық шаралар жүзеге асырылмаса, аурудан біржолата құтылу қиынға соғады. Өйткені «Сибирь жарасы» микробының таралу кезі тым көп.
Бұл жөнінде мынадай қызық уақиғаны еске сала кетейік. 1904— 1905 жылдары болған орыс-жапон соғысында патшалық Россия ез солдаттарын шолақ тондармен қамтамасыз еткен. Бұл тондар «Сибирь жарасымен» ауырған мал терісінен тігілгендіктен әскерлер арасында ауру тараған. «Сібір жарасымен» ауырған малдардың терісін илегенде фабрика жүмысшылары да зақымдануы мүмкін. Сондықтан Совет әкіметінде терілерді тексеретін арнаулы лабора-ториялар бар.
Қазақта шындығында —■ «Сібір жарасы» деген ауру жоқ, Бүның ол ғылыми аты. Ол ауруды қойда — топалаң, сиырда — қа-раталақ, қарасан, жылқыда — жамандату, түйеде — ақшелек, адамда — түйнеме деп атайды. Бірақ аурудың ғылыми аты да, оны коздыратын микробтары да біреу.
XVIII—XIX ғасырларда Орта Азия елдерінде оба ауруы етек алды. Тіпті сол XIX ғасырдың езінде Россияда, соның ішінде Волга жағалауында, Ставрапольеде, Одессада, Қырымда обадан бірқатар адамдар қүрбан болды. 1894 жылы Гонконг қаласында ете зор оба эпидемиясы байкалады. Дәрігерлер обадан өлген адам денесін тексергенде, онда оба ауруын коздырушы өте үсақ микробтарды байқаған болатын.
Бүл микробты бактериум пестис деп атайды. Ауру әдетте орга-низмнің өлуімен аяқталады. Адам, кемірушілер жәве түйе обасы-ның бәрінің де қоздырушысы біреу. Ол жоғарыда керсетілген микроб. 1910 жылдары араб елінде обамен ауырғаы түйенің етін жеген 100-дей адам лезде қырылған. Бүл ауру өте тез таралып, шапшаң өтеді.
1896 жылдан бастап обаның етек алып таралған жері сол кездегі ағылшын колониясы Индия еді. Мұнда жыл санап мыңдаған адамдар қырылды. Обаның бір турі өкпе обасы 1910—1911 жылдары Манчу-журияда үшқындап, бірқатар адам өмірін жойды.
Оба бактериясы — қысқа таяқшалар, кейде бір-бірден, кейде тіркесіп, ұзыиша шын-жыр тәрізденіп орналасады. Қоректік ортада олар капсула түзеді, спора түзбейді, қозғал-майды. Олар пастерелла туысына жатады. Оба микробы аэроб, әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі, қолайлы темпера-
тура +28, +30°. Маннит, салицил, глюкоза, мальтоза және араби-ноза углеводтарын ыдырата алады. Аурудың инкубациялык кезеңі 1—5 күн шамасында. Әдетте ауырған адамдар м<ен малдардың барлығы дерлік өледі.»Обаны таратушылар кемірушілер және олардың паразиттері — бүргелер. Ауыл шаруашылық малдарынан түйелер қауіпті. Оларда аурудың инкубациялық кезеңі 2-ден 8 күнге созылады. Обадан өлген түйе етін мүлде қолдануға болмайды. Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур. Әдетте оба микробы ұзақ уакыт сақталып қалады. Сондықтаи болса керек анда-санда болса да кейбір мемлекеттерде бұл ауру байқалып қалады. Оба микробтарының биологиясын және оның таралу кезеңдерін отанымыздың көрнекті ғалымдары Д. К. Заболотный мен И. А. Деминский дәйектілікпен зерттеген болатын. Оба микробы адам денесіне ене калса, көбінесе олар лимфалық тамырлар аріқылы бездерге ауысады, ол жерлер ісініп, іріңдейді де, төмпешіктер пайда болады. Оны бөртпе оба деп атайды. Ол көбінесе қан тамырлары арқылы таралады. Егер оба микробы өкпеге ене қалса, оба пневмониясын қоздырады. Бұнда кәдімгі өкпе ауруы сияқты адам қан түкіреді, егерде қа-қырыкты микроскоппен қараса миллиондаған оба микробын көруге болады. Әдетте бөртпе обамен ауырғандардың 40-тан 90%-ке дейі-ні қаза болса, өкпе обасынан іс жүзінде адам тірі қалмайдьь Совет елінде оба түп тамырымен жойылды. Қазір оба вакцина-сы әлсіретілген оба микробынан жасалады және адамға міндетті түрде егіледі. Осының нәтижесінде обаның жеңіл түрімен адам ауырып тұрады да, онда иммунитет пайда болып, ол екінші рет ауырмайтын болады.Азиялық холера (тырысқақ). Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары. Сондықтан оны Азия тырысқағы деп те атап кеткен. Жалпы тырысқақ ауруы Иидияда ертеден белгілі болған. Тарихта Александр Македонский әскерлерімен бірқатар жерлерді жаулап алып, Индияға таялғанда, онда адамдар арасында тырыс-кақ ауруының көп таралғанын естіп, кейін оралғаны жөнінде де-ректер бар. Әрине ұзақ уақыт езілуде болған Ағылшын колониясы Индияда аурудың етек алуы таңқаларлық жәй емес. Әдетте адамдар тырысқак микробы таралған су арқылы зақымдалады. Ерте кезде Индияға көршілес Араб елдерінде де тырысқак ауруы көп байқалған. Әрине қатынас жолдарының үзақ уақытқа дейін болма-уы және болғанның өзінде де керуеншілердің үзақ уақыт сапар шегуі тырысқақ ауруының Европа елдеріне таралуын тежеген бо-латын. Міне, XIX ғасырдың бас кезіне дейін Европада тырыскақ ауруының болмауы да осыған байланысты болса керек. СССР-де тырысқақ ауруы 1925 жылы мүлде жойылды. Бүл аурудың нағыз қоздырушысы ■— тырысқақ микробы, яғни холера вибрионы екені 1880 жылдары белгілі болды. Оның пішіні кәдімгі үтір тәріздес (вибрио — латынша үтір деген сөз) (18-сурет). Алғаш рет оны 1883 жылы Р. Кох тапкан болатын. Ол Египет-тегі осы тырысқақ ауруынан өлген адамдардың нәжістерінен микробты бөліп алып зерттегеи. Ауру тым ауыр өтеді, кейде 40— 50%-ке дейін аурулар қаза табады. Ауру тек адамнан жүғады. Табиғи жағдайда ешбір тірі организм бүнымен ауырмайды. Лаборатория жағдайында жануарларға тырысқақ жүқтыру аса қиынға соғады. Тырысқақ үтіршесі қозғалғыш, шеттерінде жіпшелері бар, спорада, капсула да түзбейді. Көбінесе екі-екіден «5» пішіндес болып орналасады. Тырысқақ вибрионы тым өзгергіш келеді. Крахмал, гликоколь бар коректік ортада таяқша тәрізденш, бүйраланып, жіпшеленіп, шар тәрізді болып, тіпті ашыткы саңырауқұлақтары сияқтана да өніп-өседі. Әдеттегі қоректік ортада олардың түрі қайтадан «үтір» тәрізденеді. Тырысқақ вибрионы коректік ортаны талғамайды, аэроб, +16-дан +40° аралығында өніп-өседі. Дегенмен оған тым қолайлысы -(-37°. Ортада азғана мөлшерде қышқыл болса, ол өсіп-өне алмайды. Жалпы орталықка жеке улар бөлмейді. Организмде вибрион өніп-өскенде ғана адамды улай-ды. Сонда олар эндотоксиндер бәлетін болады. Тырысқақ ауруымен ауырғаннан кейін адамда иммунитет пайда болады да, ол екінші айталап ауырмайды. Организмде мүндайда вибрионды рітіп жіберетін антителалар Қазіргі кезде өлтірілген тырысқақ вибрионынан жасалған акцинаны қолданады. Ол қурғақ әне сұйық күйінде шығарылады.Тырысқақ микробынан даярланған вакцинаның бір миллилитрінде 4 миллиондай вибриондар бар.Осындай вакцинамен аралығын 7—10 күннен ала отырып үш рет егеді. Әрине тырысқак ауруы біліне басталған қаупі төнгенде басқа да сақтандыру шараларын колдану қажет. Қайнатылмаған суды, жуылмаған жемістерді, овощтарды қолдануға болмайды, жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Ұзақ адам баласыиа қауіп төндірген аурулардың бірі дифтерия.Өткен ғасырдағы атақты француз жазушысы Мопассан «Суда» деген әңгімесінде дифтериядан аса қиналып, яғни дифтерия жарғақшаларының жұтқыншақта тығылып, одан адамдардың тұншығып, өлетінін аса шеберлікпен жазған болатын. Әрине, Мопассан сол кезде етек алған ауруды бақылап содан алған әсерін ғана баяндаған болатын. Дифтериядан адам баласы көп зардап шекті. Бұл аурудың жалиы жағдайын XV—XVII ғасырлардағы Испания дәрігерлері жазған болатын. Дифтериядан адам түншығып өлетін болғандыктан оны гаротилло, яғни «қылғынушының тозағы» деп атады. Дифтерияны жіңішке, шында дөңгелекше дәншіктері бар, ерек-ше таяқша бактериялар қоздырады. Оны алғаш рет 1883 жылы ауру адамнан Клебс бөліп алған болатын. Ал 1894 жылы Леффлер таза микробты зерттеді. Дифтерия таяқшасы, тек адамда ғана ауру қоздырады. Табиғи жағдайда жануарлардың қайсысында бол-масын дифтерия байқалмайды. Дифтерия таяқшалары жіңішке, кейде түзу, кейде иілген, шетінде дәишіктері бар. Бактериялар қозғалмайды, жіпшелері жоқ, капсула және спора түзбейді. Грам әдісімен боялады. Кейде олар қосақтала орналасса, кейде латынның V, О, һ әріптеріне ұқсап, бірнешеуден жиналады. Дифтерия таяқшалары аэробтар, кейде олар факультативті анаэробтар да болып тіршілік етеді. Өсуі үшін қолайлы температура 36—37°. Барлык. қоректік ортада, әсіресе сарысуда, қаннан жасаған орталарда жақсы өніп-өседі. Олар глюкоза, мальтоза және галактозаны ыдырата алады. Онда газ түзілмейді де, орта қышқылданады. Дифте-рия таяқшалары өскен кезде «у» түзеді. Оны алғаш рет 1888 жылы Ру мен Иерсен тапқан болатын. Дегенмен ол түрақсыз «у», 60°-қа қыздырғанда немесе сәулемен әсер еткенде ол «у» тез ыдырап кетеді.Дифтерия таяқшалары 30° суықта да тіршілігін жоймайды. Бірақ химиялық заттар бұл таяқшаны лезде өлтіріп жібереді. Бұл ауру, әсіресе жас балаларда көп байқалады. Сондықтан оларға алғашқы жылдың өзінде-ак вакцинаны егіп, иммунитет туғызады. Қазіргі кезде бұл аурумен күресудің біздің елімізде дә-йекті шаралары белгіленген. Сондықтан да дифтерия ауруы бізде жөнді байқалмайды.

2.2 Патогенді микроорганизмдер құрылысы, эволюциялық даму барысы                                                 

         Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы — 1—10 мкм. Прокариоттардың  айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сакина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді. Бактериялар көп жағдайда клетка қабықшасын жоғалтатыны мәлім. Фирмакутты бактериялардың клетка қабықшасын литикалық ферменттер (лизоцим) н\е пенициллин арқылы оңай бұзуға болатын болса, грациликаттарға липазамин, трипсинмен ж\е этилендиаминтетрацетатпен (ЭДТА) қосымша әсер ету керек. Клетка қабықшасы бұзылғаннан кейінгі мембранамен  қоршалған клетка құрылысын протопласт д.а., ал егер де  клетка қабықшасының белгілі бөлігі сақталып қалса, онда оны сферопласт д.а. Протопластар фирмакуттарда, ал сферопластар грациликуттарда пайда болады. Протопластар мен сферопластар бастапқы клеткадан 3-10 есе ірі болады. Олар клетка ішіндегі осмостық қысым теңескен жағдайда ғана өсе алады, мысалы, маннит н\е сахарозаның  концентрациясы 0,1-1,0 М болғанда сферопластар мен протопластар бастапқы жағдайда орлуы н\е лизистелуі мүмкін. L- пішінді түрлері (б) алғаш рет Англияда Листер институтында бөлініп алынды, сол себеппен олар институт атының алғашқы әрпімен байланыстырып аталды. Бұндай пішіндер қолайлы жағдайда метаболиттік белсенділікке ж\е көбею қабілетіне ие болады. Олар тығыз қоректік орталарда колония түзіп, агарға ене отыра, шалқасынан жатқан қалпақ тәрізді пішінде болып, жақсы өседі. Клеткасының қабықшасы болмағандықтан, олардың белгілі бір пішіні болмайды ж\е бір колонияда,көбінесе, әр түрлі пішінді клеткалары кездеседі. Олардың қасиеттеріне тоқталсақ: репродукцияға қабілетті, 0,2-1,0 мкм аралығындағы элементарлы денелер; дөңгелек, шар тәріздес н\е 1-5 мкм-ге тең дұрыс (дұрыс емес), әр қилы пішінді денелер; 5-50мкм-ге тең үлкен денелер; жіпше тәріздес; белгілі бір құрылысы жоқ денелер түрінде болады. L- пішінді бактериялар табиғи жағдайда да пайда болады. Көптеген патогенді бактериялар ауруға шалдыққан адам мүшелерінде L- пішінді түрде кездеседі. Олар клетка қабықшасына әсер ететін агенттерге, мысалы: пенициллинге сезімталдығын жоғалтады. Сондықтан да L- пішінге көшуді бактериялардың қолайсыз жағдайда өмір сүру әдісі ретінде қарастыруға болады. Муреин қабатының сақталуы кезеңінде де, муреин құрылысының бұзылуы мүмкін. Ондай жағдайда бактерияның өсуіне, бөлініп көбеюіне зақым келтіріледі, бұрыс пішінді (инволюциялық н\е гетероморфты) клеткалар: алмұрт пішінді, колбаса тәріздес иілген клеткалар п.б. Мұндай пішіндер бастапқы клеткаға қайта айналады (реверсияланады) н\е тіршілігін жоғалтады.  
           Клетка қабықшасы бактериялық клеткалардың негізгі құрылымы болып саналады.Клетка қабықшасы тек микоплазмаларда болмайды.Клетка қабықшасы клетканың құрғақ салмағының 5-50% аралығын құрайды,ал клеткасының қалыңдығы 10-80 нм аралығында болады.Эукариоттардан клетка қабықшасы айтарлықтай ерекшеленеді.Клетка қабықшасының негізгі элементі пептидогликан класына жататын муреин болып саналады. Пептидогликан гетерополимер,ол N ацетил ,N глюкозаамин және N ацетил муран қышқылдарының кезектесіп орналасқан қалдықтарынан тұрады.Бұлар өзара бір бірімен β 1,4 гликозидті байланыспен байланысады. N ацетил муран қышқылының құрамына 4 аминқышқылы кіреді,олар:эуаланин,д аланин,д глутамин және диаминопимилин қышқылы.Бұлар өзара бір бірімен тетрапептидті ковалентті байланыспен байланысады. Пептидогликандар гликозидті және пептидті байланыстармен байланыса отырып,торша түрінде құрылым құрады.Муреин синтезі цитоплазмада,ЦПМ да немесе клетка қабықшасында жүзеге асады.Прокариоттардың клетка қабықшасында муреин торшасында тейхой қышқылы болады.Тейхой қышқылы үш атомды спирт глицерин және бес атомды спирт рибид полимерлерінен тұрады.Олар бір бірімен фосфодиэфирлі байланыспен байланысады.Тейхой қышқылының бір молекуласы 7-15 ке дейін спирт қалдықтарынан құралады.Тейхой пептидогликанның сыртқы бетінде орналасады. Фирмакуттар Грам оң бактериялар клетка қабықшасы қалың,қалыңдығы 20-80 нм ді құрайды.Клетка қабықшасы,цитоплазмалық мембранамен тығыз жанасқан.Муреин құрғақ салмағының 50-90 % құрайды.Муреин тейхой қышқылымен байланысады.Грам оң бактерияларда белоктар белгілі бір тәртіппен цпм мен байланысып орналасады. Грациликуттар Грам теріс бактериялар,клетка қабықшасы көп қабатты қалыңдығы 14-17 нм құрайды.Клетка қабықшасының ішкі қабаты пептидогликаннан тұрады.Ол құрғақ салмағының 1-10 % құрайды.Грам теріс бактерияларда тейхой қышқылы болмайды.Пептидогликан сыртқы мембранамен қапталған.Оның құрамына липопротеид енеді.Липопротеид фосфолипид,липополисахарид және белоктардан тұрады.Липополисахарид тек Грам теріс бактерияларда болады.Қысқаша оны lkos деп атайды.Ол клетка қабықшасының антигені болып саналады.Грам теріс бактерияларда белоктар негізгі және минорлы болып бөлінеді. Негізгі белоктар сыртқы мембрананың құрылымдарының реттелуіне қатысады.Ал минорлы белоктар транспорттық және рецепторлы қызмет атқарады.Грам теріс бактерияларда цпммен электронды мөлдір аймақпен бөлінеді.Ол периплазматикалық кеңістік деп аталады.Бұл тек Грам теріс бактерияларға тән.Оның іші гидролитикалық ферменттерден,олигосахаридтерден және бейорганикалық заттардан тұрады.
       

        Генетикалық рекомбинация — бір торшаны екі түрлі вируспен зақымдағанда болатын будандасу. Генетикалық рекомбинациянәтижесінде аналық вирустарда жоқ мәліметтер жинағы жазылған ұрпақ геном пайда болады. Вирустарда бұл байланыс екі түрлі әдіспен өтеді: молекулалар алмасуы және ген алмасуы. Молекула алмасуда нуклеин қышқылының бөлшектері алмасады, мұнда ковалентті байланыс үзілмейді (мысалы,. грипп вирусындағы РНҚ үзінділерінің алмасуы). Ген алмасуында нуклеин қышқылының ковалентті жалғаулары үзіліп қайта қосылады. Бүл жағдайда екі геном бірімен бірі араласып кетсе, жаңа ұрпақ геномы пайда болады. Мұндай жағдай екі түрлі вирус бір торшаға кірсе ғана туады. Ген араласу әдісімен үзік геномды вирустар ғана будандасады. Онда екі вирустың геном кесінділері бір бірімен алмасады. Генотиптік өзгергіштік ген-қ материалдың рекомбинациясы нәт. байқалады.Ген-қ  материалдың бұл өзгнрісінің төмендегідей түрлері бар: трансформация, трансдукция, конъюгация. Трансформация д/з - бактериялардың қасиеттерінің геномының өзгерісі бос ДНҚ фрагментінің ортадан клеткаға енуі кезінде ақпаарттың алмасуы..Бактериялардағы трансформация құбылысына алғаш сипаттама берген 1928 жылы Ф.Гриффит болды,ол бұл құбылысты пневмония ауруын қоздырушы Streptococcus pneumonia-ның вируленттілігін зерттеуде анықтады Трансформация бірнеше кезеңнен тұрады: 1) Трансф-н клетка ДНҚ клетка рецепиентке адсорбицияланады. 2) ДНҚ фрагменттері рецепиент клеткаға енеді. 3) ДНҚ фрагменттері рецепиенттің ДНҚ-на қосылады. Бұл процес интеграция д.а. 4) Экспрессия кезеңі - бұл кезеңде трансформацияланған клеткалар қарқынды дамиды. Трансдукция - ген-қ материалдың клетка донордың клетка рецепиентке бактериофагтың көмегімен берілуі. Трансдукцияланатын фаг бактериялық хр-ң фрагментіне ген-қ ақпарат қосады. Трансдукцияны 1952ж Н. Зиндер мен Э.Ледерберг сальмонеллалардың рекомбинациясын зерттеу барысында ашқан. Олар әртүрлі аминқышқылдарын қажет ететін сальмонеллалардың екі мутантты штамдарын бірге өсірген. Трансдукция феноменіне мынадай 3 компонент қатысады: Бактерия-донор, трансдукциялаушы фаг, рецепиент-бактерия. Конъюгация - процесі клетка доноры мен клетка рецепиентінің тікелей жанасуы кезінде ген-қ ақпараттың берілуі. Бак-қ конъюгация F-факторға байланысты. Конъюгация процесін И.Ледерберг пен Э.Татум 1946 жылы ашты. Олар E.coli  К-12 рекомбинациясын зерттеу барысында өсу факторларға қажеттілігі әр түрлі екі мутантты пайдаланған.
 

2.3 Паразитизм

Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.

Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында омела (лат. vіscum) және сұңғыла (лат. orobanche) туыстарын айтуға болады. Жалпы бір организмде паразиттің бірнеше түрі тіршілік етеді, олар әр түрлі органдар мен тіндерде (ұлпаларда) орнығады да, өзгеше қауымдастық — паразитоценоз құрады. Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек қоректену кезінде) өтетін болса, оны «уақытша паразитизм» деп, ал дамуының көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса «тұрақты паразитизм» деп атайды.

Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қорытынды

          Ертеде прокариотты организмдер арқылы өте көп жұқпалы аурулар тараған. Көптеген елдерде халыктың аурудан қырылып қалғаны тарихтан белгілі. Олар — тырысқақ, күйдіргі, оба (әр жануарларда әр түрлі аталады), т.б. аурулар. Қазақстанда осы аурулардың табиғи ошақтары әлі күнге дейін бар. Жұкпалы ауруларға жататын жіңішке ауруы, сарып, іш өту және сүзек сиякты ауру түрлері адамдар үшін қазір де қауіпті. Көптеген ішек ауруларын прокариоттар тудырады. Асқазан, тоқ ішек жаралары және қарындағы ісік, карып асты безінің ісік аурулары — хеликобактер пилориум микроорганизмі арқылы таралады. Аурулардың осы микроорганизмдер арқылы тарайтынын 1983 жылы Австралия дәрігерлері Б. Дж. Маршал мен Дж. Р. Уоррен ашқан. Б. Маршал осы микроорганизм жасушасының себіндісін (культурасын) ішіп, өзіне тәжірибе жасап көрген. Жарты айдан соң ол гастритпен қатты ауырып, әрең дегенде тетрациклин және Денол дәрісін ішіп жазылған.Ішек және асқазан аурулары тазалық сақтамаған кезде қол орамал арқылы прокариотты организмдерден жұғады. Сондықтан да коғамдык орындарға барғанда, қолды сабынмен жақсылап жуған дұрыс және шыбын-шіркей, тарақандардан сақтанған жөн. Қазіргі кезде ғылымның жетістіктеріне байланысты, осы прокариоттар тарататын кауіпті ауруларға қарсы емдеу жұмыстары жақсы жолға қойылған. Прокариоттардың өзінен өндірілетін биологиялық белсенді заттар — антибиотиктерді пайдаланып емдеу жұмыстары қолға алынды. Бірінші антибиотик пенициллинді өткен ғасырдың 40-жылдарында микробиолог Александр Флеминг ашты.Микробтардың қатысуымен әр түрлі антибиотиктер, дәрі-дәрмектер, витаминдер және ферменттер алынады. Қазіргі кезде микробиологиялық өндірістер жүздеген миллиард долларға өнімдер шығарады. Прокариоттарды зауыттардың өздерінде тот баспайтын үлкен ыдыс — ферменттерде есіріп, оларды күнделікті өмірде пайдаланады.Біздің республикамызда Ақмола облысы Степногор қаласында "Прогресс" атты микробиологиялық зауыт бар. Осы зауыт жылына жүздеген мың тонна витаминделген азық-түліктік үстемелер, аминкышқылдары, инсектицидтер (жөндіктерге карсы ұлы заттар) және микробтан жасалынатын ферменттер шығарады.1 г топырақтың құрамында 300 млн-нан 2 млрд-қа дейін бактериялар болады. Барлық сыра, шарап, спирт, және техникалык өнімдер (ацетон, сірке қышқылы) шығаратын зауыттар прокариотты организмдерді пайдаланады. Адамзат ертеден-ақ май, ірімшік, әр түрлі сүттен алынатын өнімдерді алу үшін ашытқы бактерияларын пайдаланған. Ұлттык тағамдар мен сусындар үшін (айран, қымыз, шұбат, күрт, т.б.) ашытқы бактерияларын қолданған. Көк-жасыл балдырлар пайдалы прокариоттарға жатады. Олар атмосфералын азотты игеріп, оны нәруыз құрамына байланыстырады.Көк-жасыл балдырларды топыракты биологиялық азотпен тыңай-ту үшін қолданады.

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт